386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда Түркияның әскери іс-қимылдарына қарсы наразылық шеруі өтті

  • 143
  • UPD: 15:22, 31.08.2019
Сирияда Түркияның әскери іс-қимылдарына қарсы наразылық шеруі өтті

Сирия мен Түркия шекарасындағы Баб әл-Хава бекетінде Шам елінің тұрғындары наразылық шеруін өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сириялықтар Түркия билігінен Идлиб аймағынадағы үкімет әскері мен Ресей күштерінің қимылдарын қолдауды тоқтатуды сұрады. Наразы жұрт Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның суреті мен осы елдің туын өртеді. Қазір екі мемлекет арасында жағдай шиеленіскен. Себебі Сирия үкіметі әскері Идлиб аймағындағы түрік бақылау бекеттерін қоршауға алып, ондағы әскерилердің кетуін талап етуде. Алайда Түркия өз әскерін шығармайтынын айтып, шекараға жасақтарын шоғырландыруда. Анкара Сириядағы дағдарыстың саяси шешімі табылса ғана бұл елден кететінін айтады.

Хабар 24 телеарнасы