386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда орман өрті өршіп тұр

  • 137
  • UPD: 18:25, 31.08.2019
Боливияда орман өрті өршіп тұр

Боливияда орман өрті дес бермей тұр. Мамандар жүздеген өрт ошағын сөндіргенмен тілсіз жауды әлі бақылауына ала алмай отыр.

1 миллионнан астам гектар жер күлге айналған. Жалынмен күреске жүздеген өрт сөндіруші, еріктілер және әскери жұмылдырылған. Президент Эво Моралес апаттың ауқымдылығын ескеріп, Еуроодақтан көмек сұрады. Бірнеше күн бұрын АҚШ ірі ұшақ жіберген. Президент 3-4 күннен кейін Ресейден тағы бір өрт сөндіргіш ұшақ көмекке келетінін мәлімдеді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, ормандардың өртенуіне фермелер кінәлі. Билік те от қасақана қойылған деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы