389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда «Талибан» содырларының шабуылы тойтарылды

  • 211
  • UPD: 22:22, 31.08.2019

Ауғанстанда тәліптер Құндыз қаласын шабуылдап, 3 жауынгер қаза тапты.

Тағы 15 сарбаз жарақат алды. Бірақ үкімет күштері қарулы топтарға тойтарыс беріп, шаһарды бақылауында ұстап қалды. Соңғы мәліметке сәйкес, лаңкестер қалаға таңертең үш жақтан кіріп, ауруханалардың бірін басып алған. Осыдан кейін Құндызға шұғыл түрде әскери көмек жіберіліп, содырлар қаланы тастап кетті. Шайқас кезінде 56 содырдың көзі жойылған. Қазір қорғаныс және ішкі істер министрлігі күштері бірігіп қала маңындағы мекендерді лаңкестерден тазарту операциясын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Ауғанстанда АҚШ бастаған НАТО әскері 2001 жылдан бері тәліптерге қарсы операция жүргізіп келеді. Бірақ осыған қарамастан бұл лаңкестік топ елдің 70 процент аумағын бақылауында ұстап отыр.

Хабар 24 телеарнасы