386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британдықтар Джонсонның шешіміне қарсы шеруге шықты

  • 151
  • UPD: 21:34, 31.08.2019
Британдықтар Джонсонның шешіміне қарсы шеруге шықты

Ұлыбританияда премьер-министр Борис Джонсонның  парламент жұмысын тоқтатуына қарсы наразылық шеруі өтті.

Халық үкімет басшысы осы арқылы елдің ЕуроОдақтан келісімсіз шығуына қол жеткізбек деп есептейді. Ал Джонсонның өзі мұндай айыпты жоққа шығарып отыр. Үкімет басшысы «парламенттің брексит келісімін талқылауына уақыт жетеді» деп отыр.

Еске сала кетейік, өткен сәрсенбі күні  Елизавета Екінші премьер-министрдің парламент жұмысын уақытша тоқтату туралы ұсынысын қолдап бекіткен.

Құжатқа сәйкес, Заң шығарушы орган қыркүйектің 9-ынан қазанның 14-іне дейін жұмыс істемейді. Бірақ оппозициялық лейбористік партия бұл шешімге наразылық танытып, үкіметке сенімсіздік жариялауы мүмкін екенін ескертті.

Хабар 24 телеарнасы