386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекия сыртқы істер министрлігі Түркия елшісін шақыртып алды

  • 159
  • UPD: 22:04, 31.08.2019
Грекия сыртқы істер министрлігі Түркия елшісін шақыртып алды

Грекияның Лесбос аралына 1 күннің ішінде 650-ге жуық мигрант жеткен. Аралға табан тіреген келімсектердің басым бөлігі ауғандар.

Олардың арасында балалы отбасы көп. Босқындардың бәрі «Мория» лагеріне жөнелтілген. Оқиғаға байланысты Түркияның елшісі Грекияның сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Алайда Анкара «Грекияның мигранттарды кері қайтара алатынын, бірақ олардың Түркияда тұруын қаржыландыруы тиіс екенін» жеткізген. Сондықтан Афина мигранттарға босқын мәртебесін беру мәселесін жеделдетпек ниетте.

Хабар 24 телеарнасы