389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия әскері Идлибте атысты біржақты тоқтатты

  • 232
Сирия әскері Идлибте атысты біржақты тоқтатты EADaily

Сирия әскері Идлиб аймағында атысты біржақты тоқтатыны туралы мәлімдеді.

Тәртіп солтүстік деэскалациялық өңірде бүгіннен бастап қолданылады. Алайда үкімет лаңкестік топтар тарапынан арандатушылық болса, бірден жауап беретінін ескертіп отыр. Айта кетейік, Идлиб провинциясы – Сириядағы лаңкестік топтардың қолында қалып отырған соңғы аймақ. Әскерилер тамыздың 2-сі күні де осы өңірде атысты тоқтату режимін жариялаған болатын. Алайда қарулы топтар Кардаха қаласын атқылап, әскерилердің шабуылды жалғастыруына себепші болған.

Хабар 24 телеарнасы