387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та қылмыскерді ұстау кезінде бірнеше адам қаза тапты

  • 150
АҚШ-та қылмыскерді ұстау кезінде бірнеше адам қаза тапты Joinfo

АҚШ-тың Техас штатында атыс болып, қылмыскермен бірге 4 адам қаза тапты.

Тағы 21 тұрғын жарақат алды. Оқиға Мидленд қаласында полицейлердің жеңіл көлікті тексеру үшін тоқтатқаннан басталған. Бірақ жүргізуші тәртіп сақшысын атып, қашады. Жолда адамдарға оқ атып, көлігін ауыстырып, Одесса қаласына кіреді. Осы шаһарда кинотеатрдың жанында полицейлермен атысып, бірнеше адам қаза тауып, ондаған жүргінші жарақат алды. Тәртіп сақшылары қылмыскерді атып түсірген. Әзірге қаскөйдің аты-жөні жарияланбай отыр. Оның мұндай әрекетке неге барағаны да белгісіз. Оқиғадан кейін вице-президент Майкл Пенс билік елде қаруға бақылауды күшейту мәселесін одан әрі талқылайтынын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы