389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда ауғандық босқын пышақпен адамдарға шабуыл жасады

  • 193
Францияда ауғандық босқын пышақпен адамдарға шабуыл жасады novostipmr.com

Францияның Виллёбран қаласында ер адам жаяу жүргіншілерді пышақпен шабуылдап, 1 жас жігіт қаза тапты.

Тағы 9 тұрғын жарақат алды. Оқиға шаһардағы метро станциясының жанында болды. Қаскөй адамдарды пышақтап, қашқан. Бірақ сол маңдағы өзге адамдар оны қуып жүріп ұстаған. Алдын ала мәліметке қарағанда, қылмыскер – Ауғанстаннан келген босқын. Оның мұндай әрекетке неге барғаны беймәлім. Полиция әзірге оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағалап отырған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы