385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малиде ғимарат опырылып, 12 адам қаза тапты

  • 101
  • UPD: 09:16, 02.09.2019
Малиде ғимарат опырылып, 12 адам қаза тапты inform.kz

Мали астанасы Бамакода жексенбі күні үш қабатты ғимарат опырылып құлап, кем дегенде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат France Presse басылымына сілтеме жасап.

26 адамды  қирандылар астынан тірідей алып шыққан. Оқыс оқиғаның қалай болғаны әзірге белгісіз.  Жергілікті БАҚ деректеріне қарағанда, әлі салынып бітпеген жоғары қабат қирап, салдарынан бүкіл ғимарат опырыла құлаған.

Қауіпсіздік және халықты қорған министрлігі мен қала құрылысшылары оқиға орнына барды.

Агенттік Малиде рұқсатсыз және құрылыс ережесі сақталмай салынған ғимараттардың жиі қирайтындығын атап өткен.

Хабар 24 телеарнасы