389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


57-өлшемді аяқ киім киетін жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді

  • 230
  • UPD: 09:45, 02.09.2019
57-өлшемді аяқ киім киетін жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді pavlodarnews.kz

Ларс Мотза Берлинде тұрады. 

DPA агенттігінің хабарлауынша, 16 жастағы жігіттің аяғының өлшемі – 57. Дүкендерде оған сай аяқ киім табу қиын. Сондықтан, 1500 еуро төлеп оны арнайы тапсырып беріп алдыртуға тура келеді екен.

Қуанышқа қарай, шығынды медициналық сақтандыру қоры жауып отыр.

«Бұл рекордтың маған тиесілі екеніне қуаныштымын»,– дейді Ларс. Дейтұрғанмен, физиологиялық ерекшелігі өмірде көп келеңсіздік тудыратынын жасырмады.

«Маған баспалдақпен көтерілу қиын. Көлік жүргізу курсына да бара алмаймын. Спортпен шұғылдануға да болмайды», – дейді жаңа рекордсмен.

«Тіпті бірде Цюрих әуежайында аяқ киімімді шешуге мәжбүр болдым, өйткені қауіпсіздік қызметі аяғымның үлкен екендігіне сенбеді. Олар мені аяқ киіміме бірдеңе салып алған деп ойлады», – дейді Ларс. 

Хабар 24 телеарнасы