387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанның Кундуз провинциясында тәліптер қаланы басып алуға әрекеттенді

  • 125
  • UPD: 09:47, 02.09.2019
Ауғанстанның Кундуз провинциясында тәліптер қаланы басып алуға әрекеттенді

Ауғанстанда тәліптер тағы бір қалаға шабуыл жасады. Бұл жолы радикалды топ Бағлан провинциясындағы Пули-Хумри қаласын басып алмақ болған.

Бірақ үкімет жасақтары содырларға тойтарыс беріп, онға жуық лаңкестің көзін жойды. Тағы бірнеше тәліп қолға түскен. Еске сала кетейік, осыдан бір күн бұрын «Талибан» қарулы топтары Кундуз қаласына шабуыл жасап, 3 жауынгер қаза тапты. 15 сарбаз жарақат алды. Бірақ әскерилер лаңкестерге тойтарыс беріп, 60-қа жуық содырды жер жастандырды. Қазір аймақта тәліптерге қарсы арнайы операция жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы