386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда орман өртімен күресуге еріктілер көмектесіп жатыр

  • 122
  • UPD: 10:05, 02.09.2019
Боливияда орман өртімен күресуге еріктілер көмектесіп жатыр

Боливияда бірнеше аптадан бері жүздеген мың гектар орман өртеніп жатыр. Тілсіз жаумен өрт сөндірушілермен қатар еріктілер де күресуде.

Олардың арасында әйелдер де бар. Нәзік жандылар лаулаған жалынды сөндірумен қатар, өз мамандығы бойынша көмек көрсетуде. Мысалы, мейірбике болып жұмыс істейтін Сара Карденас өрт сөндіріп қана қоймай, мамандардың денсаулығын да қадағалайды.

Сара Карденас, ерікті:

- Мен еріктілер қатарына қосылып, өрт сөндірумен айналысып жатқаныма қуаныштымын. Адамдарға ақысыз көмектесу арқылы өзімді бақытты сезінемін. Бұл мені әрдайым қуаттандырып жігерлендіреді. Өзге адамдарға қолдау көрсету мен үшін өте маңызды. Балаларымның бойына да осы құндылықты сіңіріп өсірсем деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы