389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде санитарлық авиация ұшағы құлап, 9 адам қаза тапты

  • 152
  • UPD: 09:12, 03.09.2019
Филиппинде санитарлық авиация ұшағы құлап, 9 адам қаза тапты gordonua.com

Филиппинде санитарлық авиация ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуе кемесі науқасқа қажетті медициналық көмек көрсету үшін ел астанасына ұшып шыққан. Бірақ Манилаға барар жолда Лагуна провинциясындағы курорттық аймаққа құлап, жарылды. Әуе кемесі бортында болған 9 адамның бәрі қаза тапты. Бұған қоса, апат салдарынан демалыс орнында екі азамат жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, ұшақта екі ұшқыш, 3 медицина маманынан бөлек, науқас пен оның әйелі және тағы екі адам болған. Қазір апатқа байланысты тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы