387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда дәстүрлі «Тианетоба» мерекесі аталып өтті

  • 78
  • UPD: 10:05, 03.09.2019

«Тианетоба» Грузияның таулы аймақтарында аталып өтетін мейрам.

Оның мақсаты – грузин салт-дәстүрін жаңғыртып, ұлттық өнердің танымалдығын арттыру және туризмді дамыту. Таулы өңірдегі мереке қалай аталып өтті?

Тианети - Грузиядағы ежелгі таулы ауданның бірі. Оның географиляқ атауы біздің дәуіріміздің 4 ғасырынан белгілі. Тианетидің таулары мен таза ауасы жанға жайлы, дертке шипа. Сондықтан саяхатшылар көп келеді.

Нино Тумарашвили, жергілікті тұрғын:

Біз жыл сайын жанұямызбен келіп, демалып қайтамыз. Балаларға өте ұнайды. Мұнда қолдан жасалған түрлі бұйымдар сатылады. Концерт, ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады. Ал кәуап пен хинкалінің дәмі тіл үйіреді.

Хинкали - грузин ұлттық тағамының мақтанышы. Шопандар асы қазір бүкіл әлемге танымал. Грузиндер сондай-ақ өздерінің ән-күйі мен биін және ұлттық қолөнерін де аса қадірлейді.

Александр Шенгелия, фестивальге қатысушы:

Бұл мейрам біздің ұлттық салт-дәстүрімізді сақтап қалуға көмектеседі. Халық үшін ата-бабасының істерін, ерлігін, дәстүрін жалғастыру маңызды. Таулар Грузияда ықылым заманнан халық үшін қорған болып келген. Сондықтан бұл аудандарда салт-дәстүріміз жақсы сақталған.

Тамара Даташвили, жергілікті тұрғын

Мұндай шара ұлттық өнеріміздің танымдылығын арттыруға септігін тигізеді. Бүгінгі жәрмеңкеге біз ежелгі технолоиямен дайындалған бұйымдарды қойдық. Олар экологиялық таза.

Тау халқының бұл мейрамы осылай адамдарды жақындастырып, олардың ел тарихы мен салт-дәстүрін танып білуіне септігін тигізіп келеді.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы