384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі ең егде дайвер өз рекордын жаңартты

  • 290
  • UPD: 11:46, 03.09.2019
Әлемдегі ең егде дайвер өз рекордын жаңартты

96 жастағы Рэй Вулли есімді соғыс ардегері өз рекордын жаңартып, әлемдегі ең егде дайвер атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Жерорта теңізіне батқан паромды көру үшін 43 метр тереңдікке түсті. Сөйтіп су астында 48 минут уақыт өткізді.

Айта кетсек, Солтүстік Англия тумасы өткен аптада ғана 96 жасқа келді. Осыған орай ол 1980 жылы суға батқан Zenobia паромын көруге бел буған екен.

Хабар 24 телеарнасы