387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Багам аралдарында «Дориан» дауылынан 5 адам мерт болды

  • 125
  • UPD: 12:08, 03.09.2019
Багам аралдарында «Дориан» дауылынан 5 адам мерт болды

Багам аралдарында «Дориан» сұрапыл дауылынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 20-ға жуық адам жарақат алған. Бұл туралы жергілікті билік хабарлайды. Аймақта қатты жел тұрып, су тасқыны басталған. Салдарынан ондаған баспана су астында қалды.

Синоптиктердің айтуынша, «Дориан» дауылы ең жоғарғы деңгейге жетті. Желдің екпіні сағатына 350 шақырымды құрап отыр. Мамандар «Дорианды» ең жойқын дауыл деп отыр. Қазір қауіпті аймақтарда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Енді дауыл Флорида жағалауына қарай бет алды. Жергілікті билік аймақтан әлі де тұрғындарды эвакуациялап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы