386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияның жағалау қызметі 200-ге жуық заңсыз мигрантты ұстады

  • 101
  • UPD: 12:21, 03.09.2019
Испанияның жағалау қызметі 200-ге жуық заңсыз мигрантты ұстады

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, мигранттар Солтүстік Африка елдерінен қайықпен келіп, Малага портты қаласына табан тіреген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, Испанияға биылдың өзінде 18 мың мигрант келген. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 40%-ке кем.

Ал, Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша биыл Еуроодаққа Таяу Шығыс пен Африка елдерінен келгендердің саны 1 миллионнан астам адамға азайды.

Хабар 24 телеарнасы