387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада министрліктер саны қысқарды

  • 182
  • UPD: 15:41, 03.09.2019

Украина үкіметі жұмысын мемлекеттік қызметкердің санын қысқартумен бастады. Бұрынғы 19 министрлік 15-ке кейін дейін қысқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы уақытта Украина парламентіндегі 450 депутаттың саны 300-ге дейін азаюы мүмкін.

Жаңа құраммен қызметіне кіріскен Украина үкіметі жұмысын мемлекеттік қызметкер мен ведомство санын қысқартудан бастады. Бірқатар министрлік бірікті, бірқатары қысқарды. Атап айтқанда, енді Украинада «ауылшаруашылық саясат министрлігі» деген болмайды, бұл саланы қадағалау экономикалық даму министрлігіне жүктелді. Энергетика министрлігі экологиямен бірікті, жаңадан «қоғамдық даму министрлігі» пайда болды. Нәтижесінде, Украина үкіметіндегі 19 министрліктің саны 15-ке дейін қысқарды.

Вячеслав Шутенко, саяси сарапшы:

Министрліктің санын қысқартуға қатысты қабылданған шешімнің ұнамаған тұстары да бар. Мысалы, экология және табиғи ресурстар министрлігі энергетика министрлігімен бірікті. Мұны оң шешім деп ойламаймын. Өйткені Украинаның экологиясында түйткілді проблемалар жеткілікті. Біз Чернобыльден зардап көрген мемлекетпіз. Сондықтан бұл қысқартуды құптай алмаймын. Ал жалпы шенеуніктердің санын қысқартуға қарсы емеспін.

Украинаның Жоғарғы Радасы 450 депутаттан тұрады. 150 адам, яғни парламент депутаттарының санын 300-ге дейін қысқартуды Владимир Зеленский – IX шақырылымның алғашқы отырысында көтерді. Мұндай кысқартуды қарастыратын №1017 заң жобасы бірінші оқылымнан құпталып, жұмысқа алынды.

Петр Билян, саяси сарапшы:

Министрлік пен мемлекеттік қызметкердің, жалпы мемлекеттік аппараттағы адамдардың санын қысқарту арқылы, басқару органын барынша тиімді ету идеясы бұрыннан айтылып жүрген әңгіме. Әсіресе, Украина кабинет министрлігі бұл мәселені үнемі көтереді. Сөз іс жүзіне асқанда ғана біз бұл реформаның нәтижесін көреміз. Әрине, бұл жоба жүйелі жүзеге асса, жемісті болары сөзсіз.

Украинаның жаңа үкіметі жас шенеуніктердің көптігімен де ерекшеленеді. Кабинет министрлігіндегі ортаса жас – 35-ті құрап отыр. Цифрлық трансформация вице-премьер министрі болып 28 жастағы Михаил Федеров тағайындалды. Ал Жоғарғы Рададағы ең жас депутаттың жасы 23-те.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петр Борейко

 

Хабар 24 телеарнасы