387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Калифорния жағалауында кеме өртеніп, 8 адам көз жұмды

  • 170
  • UPD: 14:12, 03.09.2019
Оңтүстік Калифорния жағалауында кеме өртеніп, 8 адам көз жұмды

Оңтүстік Калифорния жағалауында өрттен қаза тапқан 8 адамның денесі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі болғандай, марқұмдар отырған кеме жанып кеткен. Болжам бойынша мерт болғандардың саны әлі де артуы мүмкін. Жергілікті шерифтың хабарлауынша, борттағы қалған 26 адамның тағдыры беймәлім. Жағалау күзеті Санта-Крус аралының маңында биіктігі 23 метр болатын теңіз көлігінде түнгі уақытта өрт шыққанын хабарлайды. Ол кезде жолаушылардың барлығы ұйықтап жатқан еді. Ал, 5 экипаж мүшесі қашып үлгерген. Жалпы кемеде 39 адам болған. Қазір құтқарушылар су астына кеткен кемені сыртқа шығаруға кірісті.

Хабар 24 телеарнасы