389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістандағы мұнай өңдеу зауыты отқа оранды

  • 220
  • UPD: 16:07, 03.09.2019
Үндістандағы мұнай өңдеу зауыты отқа оранды day.az

Мумбай маңындағы Махараштра штатының оңтүстік-батысында орналасқан мұнай өңдеу зауытында өрт болып, кемі 7 адам қаза тапты.

Тағы 2 тұрғын зардап шекті.

Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.

Олардың мәліметінше, оттың тұтануы таңғы сағат 7-лер шамасында тіркелген. Корпорация өкілдері қазіргі таңда қызыл жалынның ауыздықталғанын мәлімдеді. Жойқын жалын зауыттың өндірістік аумағына ығысып үлгермеген.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Үндістанның Дхуле қаласындағы химиялық зауытта жарылыс болып, 12 адам қаза тапқанын жазған едік. 

Хабар 24 телеарнасы