389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда жойқын жарылыс болды

  • 269
  • UPD: 07:20, 04.09.2019
Ауғанстанда жойқын жарылыс болды Укринформ

Ауғанстан астанасы Кабулда жойқын жарылыс болды.

Оқиғадан 16 тұрғын көз жұмды. Тағы жүзге жуық адам түрлі жарақат алған. Дәрігерлер жапа шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр. Елдің ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, тұрғын үйлердің маңында жарылғыш зат орнатылған көліктің күлі көкке ұшқан. Артынша жанармайға толы цистерна өртенген. Оқиғадан бірнеше ғимаратқа зақым келді. Лаңкестік әрекетті «Талибан» радикалды ұйымы өз мойнына алды.

Хабар 24 телеарнасы