387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль аутизммен күресте озық тәжірибеге ие

  • 98
  • UPD: 10:54, 04.09.2019

Израиль аутизм дертіне шалдыққандарды оңалту ісінде елеулі жетістіктерге жетті.

Бұл елде осындай науқастарды емдеп, күтуге бағытталған мемлекеттік бағдарлама бар. Оның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдарды алаламай, қоғам қатарына қосу.

Израиль аутизммен күресте озық тәжірибеге ие. Ел дәрігерлері бұл ауруды балаларда ерте анықтай алады. Әлем елдерінде ол 4 жаста білінсе, израильдік мамандар диагнозды небәрі бір-бір жарым жаста қоя алады. Ауруға шалдыққан бала үшін әрбір уақыт санаулы. «Оны ортаға ерте жастан бейімдеп, ешкімнен кемсітпей тәрбиелеу қажет», – дейді дәрігерлер. Өйткені аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары, математика мен музыкада дарынды, тіпті бірнеше тілді тез меңгере алуы мүмкін.

Бұл қыздың жасы үште. Ол ойнап, сурет салады, сыртынан өзге балалардан еш айырмашылығы байқалмайды. Арнайы мамандар оны оқытып, айналадағы адамдармен жиі араластырады. Сол кезде ғана бала қоршаған ортаға тез бейімделеді.

Хен Абрамович, аутист балаларға арналған балабақшаның жетекшісі:

– Бұл – ата-аналары балаларын таңертең әкеп жүретін кәдімгі балабақша. Мұнда олармен арнайы бағдарламалармен айналысады, әр топта 8 баладан артық болмайды, Оларға қарайтын адам да көп. Іс жүзінде әрбір баланы күтетін қызметкер бар.

Балалар мұндай орталықта кәмелет жасқа дейін тәрбиеленеді. Елдегі мектептерде де оларға бар жағдай жасалған. Арнайы талап та бар. Бір сыныпта оқушылар саны 10-нан аспауы қажет, жеке мұғалім де бөлінеді. Үлгерімі жақсы болса, олар кәдімгі сыныпқа ауысады.

Орит Столяр, дәрігер:

– Кіші сыныптарда балаларды ең қарапайым дағдыларға, мәселен автобуста билетті немесе дүкенде азық-түлікті қалай сатып алуға болатынын, әлде қалада адаспай жүруге үйретеді. Кейде осындай бала жақсы үйреніп жүрсе, оның қасында жүретін көмекшісі оны бөлмей, бүкіл сыныпқа көмектескендей болады. Сонда қалғаны арасында ерекше бала бар екенін тіпті аңғармайды.

Аутистер әскери барлау бөлімдеріне қабылдана бастады. Оларға қару  берілмейді, есте сақтау қабілеті жоғары болғандықтан, барлау мәліметтерін талдаумен айналысады. Тағы бір ерекшелік, олар нақты бір тапсырманы орындауға бар назарын салып, еш нәрсеге алаңдамайды.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы