384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Дориан» дауылы қайта күшейді

  • 358
«Дориан» дауылы қайта күшейді

Атлант мұхитындағы «Дориан» дауылы қайта күшейді.

Бұл туралы АҚШ-тың дауылдарды бақылау ұлттық орталығы мәлімдеді. Қазір желдің жылдамдығы сағатына 185 шақырымға жеткен. Бірақ ол кешеден бері Багам аралдарына соғып, АҚШ-қа қарай жылжымай тұрып қалған. Мамандар бұған шығыс мен батыстан қарама-қарсы тұрған антициклон себеп болуы мүмкін деп отыр. Ал Багам аралдарында жексенбіден бері соғып жатқан дауылдан 5 адам қаза тапқан. Желмен бірге жауын жауып, көптеген елді мекенді су басқан. 13 мыңнан астам үй қирап бүлінген. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, дауылдан орасан шығын келген.

Хабар 24 телеарнасы