389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаев туралы сұрақ Үндістан азаматына 20 мың доллар ұтуға көмектесті

  • 271
  • UPD: 10:35, 04.09.2019
Н.Назарбаев туралы сұрақ Үндістан азаматына 20 мың доллар ұтуға көмектесті ktk.kz

Үндістан тұрғыны Нұрсұлтан Назарбаев туралы сұраққа жауап беріп, 20 мың доллар ұтып алды, деп жазады Закон кз.

«Kaun Banega Crorepati» деп аталатын шоу – «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасының баламасы.

Оның аясында қатысушыға «Қай елдің астанасы 2019 жылы Тұңғыш Президент есімімен аталды?» деген сауал қойылған.

Жауап нұсқалары: Қырғызстан, Қазақстан, Косово және Кения деп көрсетілген.

Жас жігіт тәуекелге бармай, жеңілдікті пайдаланады. Ақыры, таңдауы Қазақстанға түседі.

Толық видеоны мына жерден көруге болады. Қазақстан туралы сұрақ шоудың 48-минутында.  

Хабар 24 телеарнасы