387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дориан дауылынан қаза тапқандар саны артты

  • 153
  • UPD: 10:35, 05.09.2019
Дориан дауылынан қаза тапқандар саны артты

Багам аралдарында ойран салған Дориан дауылынан 20 адам қаза тапты. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрі хабарлайды.

Аймақтағы әуежай халыққа лық толы. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, өңірде 70 мыңға жуық адам гуманитарлық көмекке мұқтаж. Жергілікті билік мерт болғандар мен зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін дейді. Долы дауыл жолдағының бәрін көтеріп, жайпап жатыр. Қызыл крест ұйымының хабарлауынша, аралдағы 13 мың баспана қирап қалған. Сұрапыл жел қазір АҚШ аумағында да мінез көрсетіп жатыр. Мамандар оның бағыты күрт өзгеруі мүмкін деп түрлі болжам жасауда. Ал БҰҰ болса, дауылдан қатты зардап шеккен Багам аралдарына 1 млн доллар қаржы бөлінеді деген шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы