386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда зауыттағы жарылыстан 23 адам қаза тапты

  • 123
  • UPD: 10:43, 05.09.2019
Үндістанда зауыттағы жарылыстан 23 адам қаза тапты

Үндістанның Батала қаласындағы отшашу зауытында жарылыс болды. Оқиғадан 23 адам мерт болып, тағы 27 адам жарақат алған.

Оның жетеуі ауыр халде жатыр. Жойқын жарылыс фабриканың күл талқанын шығарған. Жақын маңдағы бірнеше ғимаратқа да зақым келді. Жарылыстың не себептен шыққаны белгісіз. Қазір химиялық зауыттың заңды түрде жұмыс істегенін анықтау үшін тергеу ісі басталып кетті.

Хабар 24 телеарнасы