389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ электронды темекі саудасына тыйым салмақ

  • 266
  • UPD: 14:40, 05.09.2019
АҚШ электронды темекі саудасына тыйым салмақ vapes.guru

Американың Мичиган штатында хош иістендірілген электронды темекіні тұтынуға тыйым салынбақ.

Бұл туралы губернатор Гретхен Уитмер мәлімдеді, деп хабарлайды Associated Press.

Мұндай қадамға болашақ ұрпақтың денсаулығын ойлап, әрі оларды жаман әдеттен қорғау үшін барып отырған көрінеді. 

Бұған дейін Reuters агенттігі қазіргі таңда АҚШ электронды шылымды шегуден пайда болатын респираторлы ауру түрлерін зерттеп жатқанын жазған болатын. 

Себебі түтінсіз темекі тартқан 215 адам өздерін жайсыз сезініп, науқастанып қалған. Дегенмен, оларға нақты диагноз қойылған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы