386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та танымал сауда желісі оқдәрі сатпайтын болды

  • 104
  • UPD: 14:39, 05.09.2019
АҚШ-та танымал сауда желісі оқдәрі сатпайтын болды

АҚШ-та «Уолмарт» сауда желісі оқдәрі сатуды тоқтатты. Техас штатының Эль-Пасо қаласындағы оқиғадан кейін Компания осындай шешім қабылдады.

Алайда АҚШ Ұлттық атқыштар қауымдастығы «Уолмарт» мұндай шешімді қару-жараққа қарсы элитаның қысымымен қабылдады деп отыр. Ақпарат құралдары болса сауда желісінің бұл бастамасын өзге де ұйымдар қолдауы мүмкін дейді. Еске сала кетейік, тамыздың 3-і күні 21 жастағы Патрик Крусиус Эль-Пасо қаласындағы «Уолмарт» дүкенінде тұрғындарға оқ жаудырып, 22 адамды жер жастандырды. Тағы 20-дан астам тұрғын жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы