387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконг билігі экстрадиция туралы заң жобасының күшін жойды

  • 153
  • UPD: 17:54, 05.09.2019

Гонконг билігі халықтың жаппай наразылығын туғызған қылмыскерлерді ішкі Қытайға экстрадициялау туралы заңды кері қайтарып алды.

Аймақ басшысы Кэрри Лэм мәселеге қатысты мәлімдеме жасап, саяси дағдарысқа жауапты екенін айтты. Және де мүмкіндік болса қызметінен кетуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, Гонконгте сәуір айынан бері толқулар жалғасып келеді. Оған үкіметтің осы заң жобасын парламенттің қарауына ұсынуы себеп. Тұрғындар бұл аймақтағы демократияны шектейді дейді. Сондықтан үкіметтің одан толықтай бас тартуын талап еткен.

Хабар 24 телеарнасы