389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Huawei мәселесін талқылаудан бас тартып отыр

  • 337
АҚШ Huawei мәселесін талқылаудан бас тартып отыр Ферра.ру

«АҚШ Қытаймен сауда келіссөзінде Huawei мәселесін талқылауға ниетті емес».

Президент Дональд Трамп осылай деп мәлімдеді. «Себебі бұл компанияның әрекеті барлау және әскерилердің алаңдаушылығын туғызып отыр», – дейді ол.

Еске сала кетейік, өткен айда Бейжің АҚШ-тан әкелінетін тауарларға жалпы сомасы 75 миллиард долларды құрайтын баж салығын салатынын мәлімдеді. Көп ұзамай Вашингтон Қытайдан импортталатын өнімдерге жалпы құны 300 миллиард долларға алым енгізетінін жеткізді. Қос тараптың қосымша баж салығы туралы шешімі 1 қыркүйектен бастап күшіне енген.

Хабар 24 телеарнасы