387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Багам аралдарында «Дориан» дауылынан қаза тапқандар саны 23-ке жетті

  • 102
  • UPD: 12:09, 06.09.2019
Багам аралдарында «Дориан» дауылынан қаза тапқандар саны 23-ке жетті ru.tsn.ua

Багам аралдарында «Дориан» сұрапыл дауылынан мерт болғандардың саны 23-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандардың саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр. Одан бөлек, ондаған адам түрлі деңгейде жарақат алған. Елдің жағалау күзеті мен АҚШ-тың шекара қызметі жарақат алғандарды тікұшақпен эвакуациялап жатыр. Табиғат апатынан зардап шеккен аймаққа өзге мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар гуманитарлық көмек көрсетуде. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Гранд-Багама мен Абако аралының мыңдаған тұрғыны азық-түлік пен өзге де көмекке мұқтаж.

Хабар 24 телеарнасы