386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мумбаида толассыз жауын салдарынан әуе рейстері кейінге қалдырылды

  • 114
  • UPD: 12:31, 06.09.2019
Мумбаида толассыз жауын салдарынан әуе рейстері кейінге қалдырылды

Үндістанның Мумбаи қаласында толассыз жауын-шашын салдарынан көлік қатынасы қиындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті әуежайда көптеген рейстер кейінге қалдырылды. Сондай-ақ мыңдаған адамды жұмысқа жеткізетін пойыз қатынасы тоқтатылды. Осыған байланысты жергілікті билік мектептер мен колледждерді уақытша жапты. Ал төтенше жағдай қызметкерлері тұрғындарға үйден шықпауға кеңес беріп жатыр. Синоптиктердің болжамына сәйкес аймақтағы нөсер жауын әлі бірнеше күн жауады.

Естеріңізде болса, өткен жылы толассыз жаңбыр соңы су тасқынына ұласып, жүздеген адамның өмірін қиған еді.

Хабар 24 телеарнасы