389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде «Убинас» жанартауы оянды

  • 210
  • UPD: 14:12, 06.09.2019
Перуде «Убинас» жанартауы оянды regnum.ru

Мамандардың айтуынша, оның белсенділігі күшейіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарға қарағанда, биіктігі шамамен 1,3 шақырым болатын жанартау күл мен түтін шашып, лава атқылай бастаған. Осыған байланысты аймақта апаттың алдын алу шаралары жүргізіліп, билік тұрғындарды барынша абай болуға шақыруда.

Айта кетейік, Перу Тынық мұхитындағы «отты сақина» деп аталатын сейсмикалық белсенді ауданда орналасқан. Ал, соңғы рет «Убинас» жанартауы шілде айынының соңында белсенділік танытқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы