Хорватияның Загреб қаласында мұғалімдер ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Парламент ғимаратының алдында жиналған 1500 ұстаз үкіметтен жалақының көтеруін талап етті. Кәсіподақ мүшелерінің айтуынша, жиналғандар еңбекақыларын 6%-ін көтеруін сұрайды. Ереуілден кейін белсенділер елдің премьер-министрі Андрей Пленковичпен де кездесті. Ал, келесі кездесу осы айдың ортасына жоспарланып отыр.
Айта кетейік, қазір Хорватияда мұғалімдердің жалақысы орта есеппен 6400 кун.