386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада «Фернанд» дауылы ойран салды

  • 138
  • UPD: 15:38, 06.09.2019
Мексикада «Фернанд» дауылы ойран салды

Мексика шығанағының жағалауында «Фернанд» тропикалық дауылы ойран салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта қатты жел мен нөсер жауын жауып тұр. Салдарынан Монтеррей қаласында су тасқыны басталды. Шаһар көшелерінде тұрған көліктер топан су астында қалды. АҚШ-тың дауылдарды бақылау ұлттық орталығының мәліметі бойынша қазір желдің екпіні сағатына 45 шақырымды құрайды. Табиғаттың тосын мінезінен өңірде мектептер мен өзге де білім ордалары уақытша жұмысын тоқтатты.

Хабар 24 телеарнасы