386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияның солтүстігінде орман өрті өршіп тұр

  • 159
  • UPD: 15:40, 06.09.2019
Испанияның солтүстігінде орман өрті өршіп тұр

Тілсіз жау Галисия территориясына жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің хабарлауынша, аймақта 4 өрт ошағы тіркелген. Қызыл жалын шамамен  450 гектар жерді тып-типыл еткен. Әзірге апаттан мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 13 тікұшақ пен 4 өрт сөндіруші ұшақ жұмылдырылды. Құтқарушылар тұрғындарға қауіпті аймаққа жақындамауға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы