389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдың Чжэцзян провинциясы су астында қалды

  • 188
Қытайдың Чжэцзян провинциясы су астында қалды

Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында «Линлин» тайфуны соғып, қала су астында қалды.

Табиғаттың тосын мінезінен қала көшелерін су басып, ондаған тұрғын үйге зақым келген. Шаһардың кей аудандарында тасқын су салдарынан мектептер мен балабақша жабылды. Қазір табиғи апат орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олар жолдарды тазалап, жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуде. Синоптиктердің болжамынша, енді тайфун елдің солтүстік бөлігіне беттейді. Осыған байланысты билік өкілдері тұрғындарға ескерту жасап, сақтық шараларын сақтауға кеңес беріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы