386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та «Дориан» дауылынан мұхит тасуы мүмкін

  • 214
АҚШ-та «Дориан» дауылынан мұхит тасуы мүмкін DW

«Дориан» дауылы АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатына жетті.

Қазір дүлей жел аймақтың Атлант мұхиты жағалауындағы Хаттерас мүйісінде соғып, солтүстікке қарай жылжып барады. Оның күші 1-дәрежеге дейін түсіп, жылдамдығы сағатына 150 шақырымды құрап отыр. Дауылмен бірге келген жауыннан су тасқыны қауіпі күшейген. Осыған байланысты билік тұрғындарға барынша абай болуды ескертті. Еске сала кетейік, «Дориан» дауылы Багам аралдарына жақындағанда, АҚШ билігі бірнеше штатта төтенше жағдай енгізіп, соңынан Оңтүстік Каролина, Джорджия және Флорида тұрғындарын эвакуациялады. Оңтүстік Каролинада табиғат апатынан 5 адам қаза тауып, 400-ден астам үй жарықсыз қалды. Қазір өңірде дауылдың салдарымен күрес жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы