387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралия аспанын қара түтін басты

  • 198
Австралия аспанын қара түтін басты

Австралияның Квинсленд штатындағы орман өртенді.

Қызыл жалын қазіргі уақытта ондаған гектар алқапты шарпып, аспанды қара түтін басты. Оны сөндіруге ондаған маман жұмылдырылды. Бірақ от желдің әсерімен айналаға жылдам жайылып, сөндіруге кедергі келтіріп тұр. Жергілікті басылымдардың мәліметіне сай, табиғи апатқа байланысты шұғыл дабыл жүйесі іске қосылған. Әзірге тілсіз жаудан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Белгілісі, өрттен бірнеше үй зардап шекті. Айта кетсек, 2009 жылы Австралия тарихында ең ірі орман өрті орын алған болатын. Сол кезде қызыл жалыннан 173 адам көз жұмып, 414 тұрғын түрлі жарақат алған еді. 

Хабар 24 телеарнасы