389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Союз МС-14» ғарыш кемесі Жерге аман-есен қонды

  • 265
«Союз МС-14» ғарыш кемесі Жерге аман-есен қонды

Халықаралық ғарыш станциясынан жұма күні шыққан «Федор» атты роботы бар ғарыш кемесі Жерге аман-есен оралды.

Ол Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым жерге барып қонды. Айта кетейік, «Союз МС-14» кемесі халықаралық ғарыш станциясына тамыздың 22-сі күні ұшырылған. Ондағы экипаждың міндетін «Федор» деп аталатын робот атқарды. Ол ғарыш кемесінің ұшу қауіпсіздігімен байланысты тәжірибелер жүргізді. Бұған дейін «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин мұндай робот келешекте ашық кеңістікте те қолданылатынын мәлімдеген.

Хабар 24 телеарнасы