387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лордтар палатасы Еуроодақтан келісімшартсыз шығуға тыйым салатын заң жобасын бекітті

  • 156
  • UPD: 20:45, 07.09.2019
Лордтар палатасы Еуроодақтан келісімшартсыз шығуға тыйым салатын заң жобасын бекітті

Ұлыбританияның Лордтар палатасы Еуроодақтан келісімшартсыз шығуға тыйым салатын заң жобасын бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауымдар палатасы жұма күні қабылдаған құжатқа лордтар еш өзгеріс енгізген жоқ. Парламент мақұлдаған заң жобасын енді патшайым Елизавета II бекітуі тиіс. Ал премьер-министр Борис Джонсон елдің Еуроодақтан шығу мерзімін тағы 3 айға созуға міндетті. Алайда бұған дейін үкімет басшысы мұндай шешімге үзілді-кесілді қарсы екенін айтқан.

Еске сала кетейік, алғашқыда Ұлыбритания Одақ құрамынан биылғы наурыздың 29-ы күні шығуы тиіс болған. Алайда Қауымдар палатасы экс-премьер Тереза Мэйдің Брюссельмен келіскен шартын үш рет кері қайтарып, Brexit қазанның 31-іне шегерілген.

Хабар 24 телеарнасы