386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгтегі наразылық шерулері басылмай тұр

  • 142
  • UPD: 20:55, 07.09.2019
Гонконгтегі наразылық шерулері басылмай тұр

Екі күн бұрын аймақ басшысы Кэрри Лэм қылмыскерлерді ішкі Қытайға экстрадициялау туралы заң жобасын кері қайтарып алатынын мәлімдеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ шерушілер билікке жаңа 5 талап қойып отыр. Оның ішінде наразылық шаралары кезінде полиция тарапынан көрсетілген қысым мен күш қолдану деректерін тексеру және қамауға алынғандарды босату секілді талаптар бар.

Блиц 1:

- Біздің үкімет орталық биліктің нұсқауын орындап, халықтың талабына құлақ аспай отыр. Соңғы 2-3 айда болған оқиғалар осыны анық көрсетті. Сондықтан аймақ үкіметі халық берген уәкілетінен айырылды деп санаймын.

Блиц 2:

- Аймақ басшысы осы заң жобасын ұсынғалы бері полициямен қақтығыс жиілеп, қан төгілді. Үкіметтің бұл құжатты енді қайтарып алуы жеткіліксіз. Полицияның күш қолдануының заңдылығын тексеру керек.

Хабар 24 телеарнасы