386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанның «Чандраян-2» ғарыш кемесі Айға қона алмады

  • 154
  • UPD: 22:14, 07.09.2019
Үндістанның «Чандраян-2» ғарыш кемесі Айға қона алмады

Үндістанның айға ұшырған «Чандраян-2» ғарыш кемесі жер серігіне қона алмай, апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай Айға 2 шақырымдай жер қалғанда болған. Ғарыш аппаратын қондыратын «Викрам» модулі белгісіз себептерден істен шықты. Мамандар бұған дейін де ең қиыны соңғы 15 минут болады деп болжаған. Себебі, Жердегі операторлар ғарыш кемесінің осы уақыт аралығындағы іс-әрекетін басқара алмайды.

Еске сала кетейік, «Чандраян-2» Айдың орбитасына 20 тамыз күні ұшырылған. Ғарыш кемесі апатқа ұшырамағанда Үндістан әлемде Айға өз аппаратын сәтті қондырған төртінші мемлекет болар еді.

Хабар 24 телеарнасы