389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда тікұшақ апатқа ұшырады

  • 181
  • UPD: 22:57, 07.09.2019
Австралияда тікұшақ апатқа ұшырады inform.kz

Австралияда Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында бортында 5 адам болған жеке тіқұшақ апатқа ұшырады.

Бұл туралы The Australian газетіне сілтеме жасап, Қазақпарат хабарлайды.

«Ирокез» үлгісіндегі тікұшақ жұма күні жергілікті уақытпен 18:30-да Ньюкасладан солтүстікке қарай Анна-бэй мүйісі маңайында радардан жоғалып кеткен.

Құтқарушылар ертеңіне, сенбіде ғана тіқұшақтың сынықтарын тапты. Қазіргі уақытта жолаушылар мен ұшқышты іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша бәрі опат болған.

 

Хабар 24 телеарнасы