387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда тағы жер сілкінді

  • 178
  • UPD: 11:40, 08.09.2019
Қытайда тағы жер сілкінді

Сычуань провинциясының оңтүстік-батысында магнитудасы 4,3 тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, зілзала ошағы Вэйюань уезінің Нэйцзян қаласынан 20 шақырым жерде болған. Жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 10:36-да тіркелген. Ол 7 км тереңдікте басталған. Ол 16 млн тұрғыны бар Чэнду қаласынан 140 шақырым, 31 млн тұрғыны бар Чунцин қаласынан 200 км жерде болды. 

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Вэйюань уезінде бұған дейін бір қуатты жер сілкінісі болған. Алғашқы жер дүмпуінің магнитудасы 5,4 болды, ол таңғы сағат 06:42-де тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы