387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп тәліптермен құпия түрде кездеспек болған

  • 186
  • UPD: 12:54, 08.09.2019
Трамп тәліптермен құпия түрде кездеспек болған

АҚШ Президенті Дональд Трамп Кабулдағы жарылыстан кейін Ауғанстан үкіметі және «Талибан» радикалды қозғалысымен келіссөз жүргізуді тоқтатты. Себебі лаңкестік әрекеттен қаза тапқан 12 адамның ішінде 1 американдық әскери бар.

Трамптың айтуынша, келіссөз барысында атысты тоқтатпаған тәліптермен келісім-шарт жасау еш нәтиже бермейді. Сондай-ақ Ақ үй қожайыны егер лаңкестік болмағанда Ауғанстан президенті Ашраф Ганимен және тәліптердің басты өкілдерімен құпия кездеспек болғанын да жазды. 

Айта кетейік, бірер апта бұрын АҚШ пен «Талибан» радикалды қозғалысы келісімге келгендігі жайлы хабар тараған. Және де қос тараптың Ауғанстаннан америкалық әскерді шығаруға келіскендігі туралы айтылған еді.

Хабар 24 телеарнасы