386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Дориан» дауылы енді Канадаға жетті

  • 153
«Дориан» дауылы енді Канадаға жетті 24 Канал

Багам аралдарын тас талқан етіп, АҚШ-тың оңтүстік штаттарын басып өткен «Дориан» дауылы енді Канадаға жетті.

Табиғат апатынан 300 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Дүлей желдің екпіні бәсеңдеп, 1-дәрежеге дейін бәсеңдегенімен, жауыннан су тасқыны қаупі күшейген. Билік табиғат апатының салдарымен күреске әскерилер жұмылдырылатынын жеткізді.

Эрик Флэк, төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет өкілі:

– Дауыл мұхитты толқытады. Бізге қауіп сол толқыннан келеді. Толқын 10-12 метрге көтеріліп, жағаны соқса, одан жағалауға тараса әрине елді мекенге қауіп төнеді. Сағатына 150 шақырым жылдамдықпен соққан дауыл да жолдағы заттардың бәрін ұшырып әкетуге қауқарлы. Сондықтан адамдардың барынша абай болғаны абзал.

Еске сала кетейік, Дориан дауылы жұма-сенбі күндері АҚШ-тың Оңтүстік және Солтүстік Каролина штатына соғып, бірнеше адам қаза тапты. Көптеген елді-мекенді су басып, жүздеген үй жарықсыз қалды. Билік су тасқыны қауіпі әлі сейлмегенін айтып отыр.

Хабар 24 телеарнасы