389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Корей түбегінде «Линлин» дауылынан 3 адам қаза тапты

  • 241
Корей түбегінде «Линлин» дауылынан 3 адам қаза тапты Око планеты

Корей түбегінде «Линлин» дауылы соғып, 3 адам қаза тапты. Тағы ондаған тұрғын жарақат алды.

Сағатына 195 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған дүлей жел көп елді мекендегі инфрақұрылымды бүлдіріп, үйлер мен ғимараттардың шатырларын ұшырып әкеткен. Табиғат апатына байланысты Оңтүстік Кореяда 350-ден астам әуе рейсі кейінге шегеріліп, кемелердің жүзуі уақытша тоқтатылды. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, «Линлин» – Оңтүстік Корея аумағына 1959 жылдан бері соққан бесінші алапат дауыл.

Хабар 24 телеарнасы