386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда Еңбек және зейнетақы министрі қызметінен бас тартты

  • 138
Ұлыбританияда Еңбек және зейнетақы министрі қызметінен бас тартты

Ұлыбританияда Еңбек және зейнетақы министрі Амбер Радд қызметінен бас тартып, Лейбористік партия қатарынан шығып кетті.

Саясаткер Премьер-министр Борис Джонсонның брекситке байланысты ұстанымымен келіспейтін көрінеді. Үкімет басшысы өзіне жақтас 21 депутатты брексит мерзімін шегеруді қолдағаны үшін партия қатарынан шығарып жіберген еді. Премьердің осы әрекеті министрдің шамына тиген секілді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Университеттер мен ғылым министрі болған премьер-министрдің бауыры Джо Джонсон да лауазымынан бас тартқан болатын. Бірақ ол жұмыстан отбасы жағдайына байланысты кеткенін мәлімдеген.

Хабар 24 телеарнасы