387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда ескі көліктер жойылады

  • 186
  • UPD: 21:34, 08.09.2019
Өзбекстанда ескі көліктер жойылады

Өзбекстанда тозығы жеткен көліктер утилизацияға жіберілуі мүмкін.

Қазір депутаттар тиісті құжаттың алғашқы тұжырымдамасын қызу талқылап жатыр. Егер заң мақұлданса, ескірген көліктердің бағасы мен қабылдау тәртібі қайта пысықталады. Көрші елдің парламенті бұл істе Қазақстанның тәжірибесін негізге алып отырған көрінеді. Мақсатымыз – елдегі экологиялық ахуалды жақсарту, - дейді депутаттар.

Расул Кушербаев, заң шығару палатасының депутаты:

– Қазіргі таңда тиісті органдардың мамандары қолданыстағы көліктердің санын анықтап жатыр. Нарықта ешқандай өзгеріс болмас үшін жан-жақты зерттеу жүргізілуде. Демек автомобиль жасап шығарушы компанияларға да осындай талап қойылады. Сырттан әкелінетін көліктердің заңды қолданыс жүйесі анықталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы